Volkswagen-нің америкалық бөлімінің басшысы отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Volkswagen автоөндірушісінің америкалық бөлімінің басшысы Мартин Хорн отставкаға кетті, делінген компанияның мәлімдемесінде.

Volkswagen-нің америкалық бөлімінің басшысы отставкаға кетті

Volkswagen компаниясы Хорнның жұмыстан кетуінің нақты себебін жарияламады. Мәлімдемеде «жаңа жобалармен айналысуына» байланысты екіжақты келісіммен жұмыстан кететіні және оның отставкаға кетуі жайлы шешім дереу күшіне енетіні жайлы жазылды, деп хабарлады BBC.