Volkswagen зауытында 400-ге жуық жұмысшы уланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Калугадағы Volkswagen зауытында қызметкерлер уланып қалды. Қызметкерлер кәсіпорындағы медпунктке асқазан-ішек ауруымен барған.

Volkswagen зауытында 400-ге жуық жұмысшы уланды

Ауыр жағдайлар тіркелмеді, деп хабарлады ТАСС.

Қызметкерлер тамақтанған зауыт асханасы тексеру үшін жабылды.

Уланғандардың нақты саны аталмады, алайда агенттіктің ақпарат көзі олардың саны 400 адам болуы мүмкін екенін айтты. Жергілікті БАҚ 80 адам шапа шекті деп жазуда.