Volkswagen жаңа Tiguan-ның таныстырылымына дайындап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге әйгілі Volkswagen автоконцерні Tiguan моделінің жаңа буынын таныстыруға дайындық үстінде. Бұл шара биылғы күз айында Франкфуртта өтпек.
Кроссовер MQB платформасында жасалынады. Ол алдыңғы буынына қарағанда әлдеқайда жеңіл жүретін болады. Сондай-ақ, оның дизельмен және бензинмен жүретін нұсқалары да шығарылмақ. Басқа техникалық қасиеттері әзірше құпия сақталып отыр, деп жазады Letnews.