Волонтерлар Арал теңізіне 10 000 көшет сексеуіл отырғызады

ҚЫЗЫЛОРДА.KAZINFORM – «Syr qorǵany – sekseýіl» бірегей волонтерлік жобасы наурыз айының 1-3 аралығында Қызылорда облысындағы Арал теңізінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша үш күндік шара ұйымдастырмақшы.  

арал
Фото: Денис Французов/livejournal

«Syr qorǵany – sekseýіl» волонтерлік жобасы Арал теңізінің құрғаған түбіне 10 000 көшет сексеуіл отырғызу арқылы экологиялық апат аймағының бірегей экожүйесін қалпына келтіруді көздейді.  Экологиялық жобаның мақсаты – топырақтың эрозияға ұшырауына тосқауыл қою,  тұз бен құмның күллі әлем бойынша таралуын тоқтатуға көмектесу.



Соңғы жаңалықтар