Волонтерлікті дамытудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды
Былтыр волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында республикалық және 20 өңірлік фронт-офис жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген.
150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" Заңға түзетулер енгізілді.
Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін 2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты.
Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған.