Volvo 72 мың жаңа электромобилін кері қайтарып жатыр

Volvo отзывает 72 тысячи новых электромобилей
Фото: volvocars.com

АСТАНА. KAZINFORM – Швед автоөндірушісі Volvo бүкіл әлем бойынша 72 мың жаңа EX30 электромобильдерін кері қайтарып алуға мәжбүр. Оған себеп – көліктердің орталық экранының істен шығып, соның салдарынан спидометрдің көрісетпей қалуы, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ

Бұл модельде спидометр рульдің ар жағында емес, жүргізушінің оң жағындағы үлкен экранда орналасқан, ал көлік іске қосылғанда ол сынақ режиміне өте алады. Сынақ режимінде жылдамдық көрсетілмейді және қатені шешу үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту қажет.

Компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Магнус Холсттың айтуынша, тек Швецияда 5000-ға жуық электр көлігі қашықтан жүргізуге болатын бағдарламалық жасақтаманы жаңартуды қажет етеді.

Volvo EX30 сатылымы осы жылдың қаңтарында басталды. Бүгінде 35 мың көлік сатылды.

Kazinform үшін арнайы серіктес агенттік AЗЕРТАДЖ ұсынған.

Соңғы жаңалықтар
telegram