Volvo жүргізушілерге жолда кино көрумен уақыт қысқартуды ұсынбақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Volvo компаниясы Concept 26 көлігін шығаруды жоспарлауда. Мұнда жүргізушінің көлікті басқарумен ғана шектелмей, жолдағы уақытты барынша тиімді өткізуі көзделген.
None
None

Өндіруші автосүйер қауым мен жүргіншілердің қауіпсіздігін де ескерген. Volvo инженерлері американдық жүргізушілер күн сайын жолға жұмсайтын орташа уақыттарын - 26 минутты барынша қызықты өткізуі қажет деп санайды, сондықтан да жүргізушіге Concept 26 үш режімді ұсынады: көлік жүргізу, жұмыс істеу және көңіл көтеру. Бірінші режім көлікті әдеттегі басқаруға арналған. Екіншісі жүргізуден бөлек, жылжымалы үстел мен компьютер көмегімен жұмыс істеуге, үшіншісі - жолды қысқартып, дем алу үшін 25 дюймді мониторда кино көріп немесе музыка тыңдап, уақыт қысқартуға арналған, деп хабарлады "Популярная механика" порталы.

Соңғы жаңалықтар