Воркутадағы «Северная» шахтасында 36 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Воркута қаласындағы «Северная» шахтасындағы жарылыстан 36 адам қаза тапты. РФ ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаза тапқандардың ішінде 5 құтқарушы бар, деп хабарлады ВВС агенттігі.

 Воркутадағы «Северная» шахтасында 36 адам қаза тапты

Еске сала кетейік, 25 ақпан күні «Северная» шахтасында 780 метр тереңдікте екі жарылыс болған. 4 адамның қаза тауып, 26 кеншінің тағдыры белгісіз деп хабарланған болатын. Соңғы күндері шахтада іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілген. Жексенбіге қараған түнде, күтпеген жерден үшінші жарылыс болып, 5 құтқарушы мен 1 кеншінің өмірін қиып кетті. ТЖМ ақпаратына сүйенсек, бірінші жарылыс болған күні 77 адам жұмыста істеген.

Апатқа байланысты Коми Республикасында үш күндік аза тұту жарияланды.