Воронеж облысында құзға өрмелеуші жас бала 6 метрлік биіктіктен құлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ-ның Воронеж облысындағы Россошанск ауданындағы №1 Подгоренская орта мектебінде 13 жастағы бала құзға өрмелеу және туризм секциясындағы жаттығулар кезінде 6 метрлік биіктіктен құлады.
Басы тасқа соғылған бала сол жерде комаға түсті. Зардап шегуші Воронеждегі №2 облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, ота жасалды. Ота жасау кезінде жас пациенттің күретамырынан көп қан кеткен.
Қазіргі кезде жансақтау бөліміне жатқызылған науқастың есін жинағаны, бірақ әзірге сөйлей алмайтыны белгілі болды, деп жазады informing.ru.