Воскобоева Брисбендегі турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева француздық Кристина Младеновичпен жұп болып, Австралияның Брисбен қаласында өтіп жатқан Brisbane International туринирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sports.kz.

Воскобоева Брисбендегі турнирдің ширек финалында жеңіліп қалды

Турнирдің ширек финалында Воскобоева мен Младенович екі сетте тайвандық Чжань Юнжань/Чжань Хаоцин жұбына есе жіберді. Есеп - 1:6, 5:7.

Оның алдында 1/8 кезеңінде қазақстандық-франциялық жұп нидерландылық Кики Бертенс пен Деми Схюрсты 6:3, 7:5 есебімен жеңген болатын.