Воскобоева Дубайдағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінде әйелдер арасында өтіп жатқан Dubai 2 ITF турнирінде сайысқа түсіп жатқан қазақстандық Галина Воскобоева бірінші айналымды жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Воскобоева Дубайдағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіске жетті

Ол өзінің словакиялық қарсыласы Кристина Куцованы 2-0 (6:3, 6:2) есебімен тізе бүктірді. К.Куцова осы турнирге сынға түскен теннисшілер арасында WTA рейтингінде жоғары тұрғандардың қатарында. Ол 82 орында, ал Галина Воскобоева болса 352-ші орында тұрған еді.

Турнирдің жалпы сыйақы қоры 100 мың долларға тең. Егер қазақстандық теннисші сайыста топ жаратын болса, оның рейтингі 200-ші орынға дейін көтерілуі мүмкін.