Воскобоева Fed Cup Heart Award - 2017 сыйлығымен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреалда Fed Cup Heart Award - 2017 сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Жүлдеге ие болғандар қатарында Азия/Мұхит I тобы аймағынан жеңімпаз атанған қазақстандық теннисші Галина Воскобоева да бар. Жерлесіміз жапондық спортшы Наоми Осакудан көп дауыс жинады, деп хабарлайды Қазақстанның теннис федерациясы.

Воскобоева Fed Cup Heart Award - 2017 сыйлығымен марапатталды

Галина Воскобоеваға 1 000 доллардың чегі табыс етілді, спортшы оны қайырымдылыққа жұмсамақ.

Сондай-ақ Америка I тобынан канадкалық Бьянка Андреескуда үздік атанып, жүлдеге ие болды.