Воскобоева Хобарт турнирінің екінші айналымында ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Хобарт қаласында әйелдер арасында WTA-ның хардтық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық Галина Воскобоева жарыстың екінші айналымында әлемнің 22-ші ракеткасы голландиялық Кики Бертенстен жеңілді - 1:6 - 4:6.