Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Ксения Первактың ізімен Australian Open чемпионатының жұптық кездесуінде екінші айналымға өтті, деп хабарлады Vesti.kz.

Воскобоева К. Первактың ізімен Australian Open чемпионатының екінші айналымына өтті

Кездесудің бірінші сеті тай-брейкпен аяқталды: есеп 6:6 болғанда Галина Воскобоева Александра Пановамен бірге «қосымша» геймді жеңді - 7:3. Ойынның екінші бөлігінде де күштер тең болды, дегенмен, Мона Бартель мен Ализе Корненің (Германия/Франция) жолы болды. Есеп 4:6.

Үшінші сетте Воскобоева мен Панова қарсыластарымен біраз бақ таластырды, нәтижесінде ойынды 7:5 есебімен аяқтады.

Келесі айналымда Галина мен Александра румындық жұп - Ирина Кармелия Бегу мен Моника Никулеспен ойнайды.