Воскобоева WTA турнирінің ширек финалында ұтылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева Ноттингемдегі WTA турнирінің ширек финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Г.Воскобоева ресейлік әріптесі Натела Дзаламидземен бірге Абигейл Спирс (АҚШ)/Алисия Росольска (Польша) жұбынан жеңілді. Есеп - 2:6, 4:6.
Матч бар болғаны бір сағат, жеті минутқа созылды.
Еске сала кетейік, Г.Воскобоева әріптесімен бірге алғашқы раундта Савчук (Украина)/Родионова (Аустралия) жұбынан басым түскен еді.