ВР Мексика шығанағындағы апат үшін 7,8 млрд доллар төлейді

Бұдан бұрын сенбі күні ВР өкілдері мен 2010 жылы Deepwater Horizon платформасында болған апаттан кейін компанияны сотқа берген талапкерлер сотқа дейін өзара келісімге келген болатын.
Іс бойынша судья Карл Барбер бұдан бұрын кейінге ысырылған үдеріс «тараптардың жаңа ұстанымдарына» орай тағы де кейінге қалдырылуы мүмкін деп хабарлады.
ВР өкілі төлемдер бұрын құрылған 20 миллиард доллар көлеміндегі өтемақы қорынан өтелуі ықтимал дегенді айтты. Келісімнің басқа жай-жапсары жарияланған жоқ.
Бүгінгі таңда тазалау жұмыстарына және өтемақы ретінде ВР 7,5 млрд. долларды төлеп үлгірген.
Талапкерлер арасында 100 мыңнан астам адам бар, олардың көпшілігі мұнай төгілуінен бизнесінен айрылған балықшылар мен жағалауды мұнайдан тазартқан жұмысшылар.
Жаңа төлемдерді британдық корпорациядан басқа Halliburton субмердігер-компаниясы мен Transocean мұнай мұнарасы операторы бөлісуі мүмкін.
2010 жылғы сәуірде жарылыс кезінде 11 адамның өмірін қиып кеткен ұңғыны бітеп, мұнай ағуын тоқтатуға 85 күн қажет болды.
Президент Барак Обама мұнай төгілуін ел тап болған ауыр экологиялық апат деп атады.