«Время» газетінің бас редакторы ауысты
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - «Время» газетінің редакция ұжымына жаңа басшы таныстырылды. Басылымның бас редакторы Лев Тараков болды.
Лев Юрьевич Тараков 1966 жылдың 8 қыркүйегінде Украинадағы Черкас облысының Чигирин қаласында дүниеге келген. Жүргізуші, бас маман, басқарма бастығының орынбасары, ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің сараптамалық-талдау бас басқармасының бастығы (1992-94 жж.); ҚР Президентінің Талдау және стратегиялық зерттеу орталығында сектор меңгерушісі, жетекшінің орынбасары, бірінші орынбасары (1994-97 жж.) болып қызмет еткен. 1997 жылдың мамыр-желтоқсан айлары аралығында ҚР Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 1997-1998 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, 1998 жылдың мамырынан 2002 жылдың тамызына дейін ҚР Президенті баспасөз қызметінің басшысы, 2002 жылдың қарашасынан 2004 жылдың қаңтарына дейін ҚР Елшілігінің РФ-ғы кеңесші уәкілі, 2004 жылдың ақпан-наурыз айларында - «Известия-Казахстан» газетінің бас редакторы болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап - «Liter-Media» ЖШС-нің атқарушы директоры, 2008 жылдың наурызынан - «Литер газеті» ЖШС-нің бас директоры болып қызмет атқарды. 2009 жылы «Құрмет» орденімен, медальмен марапатталды.