Вrent мұнайы барреліне $37,17 дейін көтерілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Наурыз айының ортасында бағаны тұрақтандыру мақсатында бірлескен іс-қимылдарды талқылау үшін ОПЕК-ке мүше елдер мен тәуелсіз мұнай өндірушілердің кездесуін күту аясында жұмада мұнайға бағаның өсуі жалғасты, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.
Лондондық ICE Futures биржада Brent маркалы мұнайға мамырлық фьючерстерді белгілеу Мәскеу уақыты бойынша сағат 8.00-де 0,3 пайызға - барреліне 37,17 долларға өсті.
Нью-Йорк тауарлық биржасының электрондық сауда-саттығында сәуірге WTI маркасына келісімшарттар бағасы осы уақытта 0,6 пайызға - барреліне 34,79 долларға дейін көтерілді.