ВТБ банк Қазақстан байланыс орталығының ұялы нөмірін қосты
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпара - Клиенттердің Байланыс орталығына қолжетімділігін арттыру туралы тілектерін қабыл ала отырып, ВТБ Банк (Қазақстан) Kcell, Activ және Beeline абоненттері ақысыз қоңырау шала алатын 5050 қысқа ұялы байланыс нөмірін қосты.
Жақын арада бұл қызмет Tele2 абоненттеріне де қосылады деп жоспарлануда. Банк клиенттері Байланыс орталығына қалалық телефон нөмірлері бойынша да қоңырау шала алады.
«Қазіргі заманғы тұтынушы мобильді болуға ұмтылады және өзінің ұялы телефонын түрлі қызметтер, соның ішінде банктік қызметтер алу үшін пайдаланады. Сондықтан біз өз клиенттерімізге Байланыс орталығының еске жеңіл сақталатын және ең бастысы, ақысыз нөмірін ұсынып отырмыз. Енді Сіз қай жерде болсаңыз да, біздің банк үнемі байланыста болады, ал біздің білікті мамандарымыз банктің өнімдері мен қызметтері бойынша нақты ақпарат беріп, сұрақтарыңызға жауап береді, Сізге келуге ыңғайлы банк филиалы мен уақытты таңдауға көмектеседі», - дейді ВТБ Банктің (Қазақстан) Басқарма төрағасы Сергей Гусаров. Оның айтуынша, қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды пайдалану банк қызмет көрсететін барлық қалалардағы кіріс клиенттік қоңырауларға орталықтандырылған қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өз аймақтарындағы банктің қалалық нөмірлеріне қоңырау шалатын клиенттер автоматты түрде Байланыс орталығының Алматы қаласындағы +7 (727) 330 50 50 көпканалды нөміріне қосылады.
«ВТБ Банк (Қазақстан) еншілес ұйымы» АҚ - ресейлік ВТБ Банк ААҚ-ның 100% еншілес банкі. Қазақстандағы еншілес банк өз жұмысын 2009 жылғы 1-шілдеде бастаған болатын. Қазіргі кезде оның жарғылық капиталы 20 миллиард теңгені құрайды, ал филиалдық желісі Қазақстанның 17 ірі қаласын қамтып жатыр. Ал ВТБ Банк және оның еншілес компаниялары өз қызметін ресейлік және шетел нарықтарында жүзеге асыратын халықаралық қаржылық топты құрайды. Оның құрамына ТМД, Еуропа, Азия мен Африканың 19 мемлекетінде орналасқан 20-дан астам банк пен қаржылық компаниялар кіреді. ВТБ-ның негізгі акционері - Ресей Федерациясының Үкіметі (75,5%). ВТБ тобы жеке және корпоративтік клиенттерге банктік қызмет көрсету, лизинг, факторинг, сақтандыру және зейнетақылық қамтамасыз ету сияқты инвестициялық-банктік және қосымша қаржылық қызметтерді қоса алғанда, қаржылық қызметтердің толық жиынтығын ұсынады.