«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 17-ші кезеңінде «астаналық» велошабандоз мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті

АЛМАТЫ. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің  187,3 шақырымдық 17-ші  кезеңінде «Astana Pro Team» велоклубының итальяндық шабандозы Паоло Тиралого 9-шы орын алды.

«Vuelta a Espana» көпкүндігінде 17-ші кезеңінде  «астаналық»  велошабандоз мәре сызығын тоғызыншы болып кесіп өтті

  Қазір жалпы жіктелімде қазақстандық Андрей Кашечкин 34-ші, бельгиялық Кевин Зельдреерс 38-ші,  қазақстандық Андрей Зейц 45-ші, швециялық Фредерик Кесякофф  71-ші, ресейлік Егор Силин 104-інші, қазақстандық Александр Дьяченко 123-інші, ал Асан Базаев 155-ші сатыда тұр. Бұл тізімді 68:07:54 уақыт көрсеткішімен «Saxo Bank - Tinkoff Bank» велокомандасының испаниялық шабандозы Алберто Контадор бастап келе жатыр. Одан Андрей Кашечкин (1:03:42, Кевин Зельдреерс 1:03:42, Андрей Зейц 1:22:50, ал Асан Базаев 2:57:46) артта қалып қойды.