«Vuelta a Espana» көпкүндігінде13-інші кезеңінде «астаналық» велокоманданың көшбасшылары жалпы жіктелімдегі өз орнын сақтап қалды
АЛМАТЫ. 1 қыркүйек. ҚазАқпарат - Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 172,8 шақырымдық 13-інші кезеңінде «Astana Pro Team» велоклубының шабандоздарынан ең жоғарғы нәтиже көрсеткен бельгиялық Кевин Зельдреерс (77) болды.
Дегенмен бұл оның жалпы жіктелімдегі орнын сақтап қалуына еш кедергі бола алмады. Қазір ол 13 кезеңнің қорытындысы бойынша 24-інші сатыда тұр. Бұл сында қазақстандық Андрей Кашечкин де 30-ыншы сатыдағы өз орнын сақтап қалды. Ал швециялық Фредерик Кесякофф 44-тен 42-ге, италияндық Паоло Тиралого 54-тен 53-ке, ресейлік Егор Силин 95-те 90-ға көтерілсе, қазақстандық Александр Дьяченко 87-ден 116-ға, Асан Базаев 133-тен 156-ыншы орынға дейін төмендеп кетті. Бүгін олар енді 149,2 шақырымдық 14-інші кезеңде өз көрсеткішін жақсартуға мүмкіндігі бар. Жалпы 18 тамызда Андоррада басталған бұл дүбірлі дода 9-ыншы қыркүйек күні Мадридте ақтық 21-інші кезеңмен аяқталады.