«Vuelta a Espana» көпкүндігінің 12-інші кезеңін астаналық велошабандоз Паоло Тиралого 13-інші боп аяқтады

АЛМАТЫ. 31 тамыз. ҚазАқпарат - Испаниядағы «Vuelta a Espana» көпкүндігінің  190,5   шақырымдық 12-інші  кезеңінде «Astana Pro Team» велоклубының шабандоздары  үздік ондықтың қатарынан көріне алмады.

«Vuelta a Espana» көпкүндігінің 12-інші  кезеңін  астаналық велошабандоз Паоло Тиралого 13-інші боп аяқтады

Онда мәре сызығын итальяндық Паоло Тиралого - 13, қазақстандық Андрей Кашечкин - 39, бельгиялық Кевин Зельдреерс - 45, қазақстандық Андрей Зейц - 53, швециялық Фредерик Кесякофф - 66, ресейлік Егор Силин -103, қазақстандық Асан Базаев-151, Александр Дьяченко - 177 боп кесіп өтті. Соның нәтижесінде жалпы жіктелімде К.Зельдреерс 24-інші, А. Кашечкин 30-ыншы, А.Зейц - 38-інші, Ф.Кесякофф - 44-інші, П.Тиралого  54-інші, А. Дььяченко  87-інші, Е.Силин  95-інші, А.Базаев  133-інші орында келе жатыр.

Биыл 67-інші рет өтіп жатқан бұл дүбірлі дода 18-інші тамызда Андоррадан басталған болатын. 3281,6 шақырымдық 21 кезеңнен тұратын аталмыш бәсеке 9 қыркүйекте Мадридте мәреге жетеді. Қазір 44:50:35 уақыт көрсеткішімен  «Katusha Team» клубының испаниялық велошабандозы  Жоакуим Родригуез Оливер (Joaquim Rodriguez Oliver) көш бастап келе жатыр. Одан Кевин 10,22 минут, Андрей 14,44 минутқа артта келе жатыр.