«Vuelta a Espana» көпкүндігінің ақтық кезеңдері өтуде

АЛМАТЫ. 8 қыркүйек. ҚазАқпарат - Испаниядағы  67-інші «Vuelta a Espana» көпкүндігінің 111,9 шақырымдық ақтық кезеңі бүгін Серседилдья мен Мадирд аралығында тегіс жолда өтеді.

«Vuelta a Espana» көпкүндігінің ақтық кезеңдері өтуде

18 тамызда Памлонде командалық сыннан басталған 3281,6 шақырымдық бұл байрақты бәсеке 21 кезеңнен тұрады. Онда командалық сында 15-інші кезеңнен бері «Movistar Team» командасы, ал жекелей сында 17-інші кезеңнен « Saxo Bank - Tinkoff Bank» командасының испаниялық велошабандозы Алберто Контадор көш бастап келе жатыр. Онда "Astana  Pro Team" командасынан 11-ші кезеңде швециялық   Фредрик Кесякофф үздік шыққан болатын. Сондай-ақ осы кезеңнің «Ең азулы велошабандозы» деп танылды. Кеше спортшылар Сеговия мен Бола дель Мунда аралығындағы 169,5 шақырымдық 20-ыншы таулы кезеңін өткізді.