Вук Еремич: Қазақстан - ядролық қарусыздандыру жолында әлемдегі ірі ядролық арсеналдардың бірінен ерікті түрде бас тартқан көшбасшы ел
АСТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат - «1 желтоқсан Қазақстан Республикасындағы ұлттық мереке - Тұңғыш Президент Күніне байланысты шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз делінген, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 67-сессиясының Президенті Вук Еремичтің құттықтау хатында.
Мемлекеттің жетістіктері Сіздің еліңіздің халықаралық аренада белсенді ойыншыға айналуына мүмкіндік берді, оған Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы мен Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етудің сеніп тапсырылғаны дәлел бола алады.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 67-сессиясының Президенті ретінде жұмыс істеген кезімде Сіз алға тартқан «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы, Еуразиялық экономикалық ғалымдар клубы қауымдастығы, Астана экономикалық форумы, G-Global, АТОМ ядролық қаруға қарсы жобасы және Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі сияқты халықаралық бастамаларыңызда сөз сөйлеу үлкен құрмет пен абырой болды. Ол жобалардың бәрі халықаралық қоғамдастықтың ерекше ықыласына бөленді.
Қазақстан Республикасында ұлттық мерекені тойлау күнін пайдалана отырып, Сізге зор денсаулық пен бақыт, сонымен бірге Сіздің тамаша еліңізге тұрақтылық пен даму тілеймін»