«ВымпелКом» әлемдегі ұялы байланыс операторларының «1Goal: Білім бәрі үшін» деп аталатын науқандық шарасын қолдайтындығын мәлімдеді

АЛМАТЫ. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «ВымпелКом» компания тобы әлемдегі ұялы байланыс операторларының икемді коммуникация тарихындағы «1Goal: Білім бәрі үшін» деп аталатын алғашқы науқандық шарасын қолдайтындығын мәлімдеді,

«ВымпелКом» әлемдегі  ұялы байланыс операторларының  «1Goal: Білім бәрі үшін» деп аталатын   науқандық шарасын қолдайтындығын мәлімдеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚаР-Тел» ЖШС-не сілтеме жасап.

Байланыс операторлары бұл жобаны іске қосу туралы шешімді ағымдағы жылдың ақпан айында Барселонада өткен Бүкіләлемдік GSM Мобильдік қауымдастығы конгресінде қабылдаған болатын. Әлемде 1 миллиардтан астам абонентке қызмет көрсететін Бүкіләлемдік GSM Мобильдік қауымдастығына құрамына кіретін 18 байланыс операторы енді сәуірдің 20-сынан бастап арнайы шара өткізуде. Ол шілденің 11-не дейін созылмақ. Бұл шара негізінде олар әрбір абонентке «1Goal: Білім бәрі үшін» жобасын қолдауға өз дауыстарын беруге мүмкіндік береді. Қазақстанда Beeline сауда белгісі бойынша жұмыс жасайтын «ВымпелКом» компаниялар тобы SMS-дауыс беруді қамту аумағындағы барлық елдерде өз абоненттері арасында тегін өткізеді.