WADA хакерлер жариялаған допингке қатысты құжаттар түпнұсқа екенін мойындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Fancy Bears хакерлер тобының желіге ұрланған құжаттардың екінші партиясын жариялауына байланысты мәлімдеме жасады. WADA жаңа құжаттар түпнұсқа екенін мойындады, деп хабарлады РИА Новости.

WADA хакерлер жариялаған допингке қатысты құжаттар түпнұсқа екенін мойындады

Осыған дейін хакерлер сегіз елдің 25 спортшысынан допинг анықталғаны туралы құжаттарды жариялады.

WADA құжаттарды ұрлады деп «орыс хакерлерін» айыптады. Айта кету керек, агенттікте құжаттар ADAMS (Anti-Doping Administration and Management System - Допингке қарсы әкімшіліктендіру және басқару жүйесі) жүйесі салдарынан ұрланғанын мойындады.

"Ресей тарапынан кибер-шабуылдар ресейлік допингке қарсы бағдарлама ережелеріне сәйкес қалыпқа келтіру үшін жүргізіліп жатқан жұмыстарға кедергі келтіруде", - деді WADA бас директоры Оливье Ниггли.