WADA Риодағы Олимпиада алдындағы баспасөз конференциясын өткізбейтін болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік антидопингке қарсы агенттік (WADA) Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада басталар алдында өтетін баспасөз конференциясын өткізбейтін болды, себебі жиын Ресейдегі допинг жайлы сұрақтарға ойысып кетуі мүмкін, деп хабарлады BT Sport.

WADA Риодағы Олимпиада алдындағы баспасөз конференциясын өткізбейтін болды

WADA басшысы Крэйг Риди, ұйымының бас директоры Оливье Ниггли және тәуелсіз бақылаушылар тобының басшысы Джонатан Тэйлордың қатысуымен баспасөз конференциясы бейсенбі өтуі қажет болатын, деп хабарлады РИА Новости 

«Ағымдағы жағдайды ескеріп, біз тәуелсіз бақылаушылар, спортшылар мен бапкерлерді допингке қарсы насихаттауға қатысты WADA бағдарламаларына арналған баспасөз конференциясы басқа сұрақтарға ойысып кетуі мүмкін екенін ескердік», - деп мәлімдеді WADA басшысы Бен Николс.