12:22, 15 Қазан 2015 | GMT +5
Walmart 20 минутта $20 млрд. айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 минут ішінде Walmart акциялары 9,8% арзандады, бұл 15 жылдағы рекордтық көрсеткіш, деп жазды Financial Times. Салдарынан компания капитализациясы $19,8 млрд-қа құнсызданды, деп хабарлады РБК.

Күрт құнсыздануды басылым инвесторларды 2017 фискалды жылы Walmart акциялары бойынша табыс 6 - 12%-ға дейін төмендейтінін ескерту деп айтты.
Walmart қаржы директоры Чарльз Холлидің сөзіне қарағанда, табыстың төмендеуі еңбекақыға кететін және интернет-саудаға салынатын шығыстың өсуімен байланысты.
Акциялардың төмендеуі компанияның өзінің акцияларын $20 млрд сомаға сатып алу туралы жоспарын жариялаған соң орын алды, деп атап өтті FT.
Walmart нарықтық капитализациясы $213,8 млрд-ты құрайды.