Washington Post штаб-пәтері 159 млн. долларға сатылды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Ақ үйдің жанында орналасқан Washington Post штаб-пәтерін 159 миллион долларға жылжымайтын мүлікке мамандандырылған компаниялардың бірі сатып алады.

Washington Post штаб-пәтері 159 млн. долларға сатылды

Редакция ғимаратын сатып алуға келіскен компанияның аты әзірге жарияланбай отыр.

Washington Post - Америкадағы беделді басылымдардың бірі. Оның журналистері 47 Пулитцер сыйақысына ие болған. Алайда соңғы бірнеше жыл ішінде басқа басылымдар сияқты Washington Post та жарнама мен жекелей сатылымның төмендеуінен кірістің азаю мәселесіне тап болды. Басылымға шығындарды кеміту үшін жүздеген қызметкерлерін қысқартып, бірқатар тілшілер қосындарын жабуға тура келді.