09:14, 15 Қыркүйек 2017 | GMT +5
WBA Головкин мен Альварестің біреуіне бұйыратын белдікті таныстырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің жеңімпазына арналған ерекше белдікті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ерекше жекпе-жек кешіне, арнайы белдік»-, деп жазылған WBA ұйымының Instagram парақшасына.
Еске сала кетсек, Головкин-Альварес жекпе-жегіне Дүниежүзілік бокс кеңесіде (WBC) арнайы белдік дайындаған еді .
Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйек күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «T-Mobile» аренада өтеді.
Оны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден 17 қыркүйек күні (уақыт айырмашылығына байланысты) көрсетеді. Белгілі болғандай, Головкин мен Альварестің айқасы сағат 8.50-де басталады.