Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

WBA Лебедевті әлем чемпионы титулынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) ресейлік Денис Лебедевті бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырды.

WBA Лебедевті әлем чемпионы титулынан айырды

 Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

Соңғы рет Лебедев  2017 жылы 9 маусымда австралиялық Марк Флэнэганды жеңіп,  WBA титулын қорғап қалған еді. Содан бері ол рингке шыққан жоқ. Сондай-ақ 39 жастағы ресейлік Дүниежүзілік бокс суперсериясының турниріне де қатыспаған.

Титул уақытша  чемпион кубалық Юниер Дортикосқа берілді. Бұд шешіммен Лебедев келісті.

WBA мәлімдемесінде белбеу Дортикос пен Халықаралық бокс федерациясы нұсқасы бойынша чемпион ресейлік Мурат Гассиевтің WBSS жартылай финалдық жекпе-жегіне қойылатын болады. Айқас сенбіде Сочиде өтеді.

Лебедовтың еншісінде 30 жеңіс (22 нокаут) және үш жеңіліс бар.

Ал 37 жастағы Дортикостың есебінде 22 жеңіс болса, олардың 21-і нокаут. 24 жастағы Гассиев 25 рет қарсыластарынан басым түскен, оның 21-і нокаутпен аяқталған.  Боксшының екеуі де еш жеңіліп көрмеген.