WBA президенті қыркүйекте Головкинмен жекпе-жекке шығуы мүмкін боксшыларды атады

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) президенті Жилберто Хесус Мендосаның айтуынша, бұл жекпе-жек жылдың аяғында болуы тиіс. Ал оған дейін Головкин мен Джейкобс бір жекпе-жектен өткізе алады. Мендосаның сөзіне қарағанда, егер Головкин командасы мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен келісе алмаса, онда қазақстандық еш жеңіліп көрмеген орта салмақтағы WBO белбеуінің иегері британиялық Билли Джо Сондерспен кездесуі мүмкін.
«Дэниел Джейкобс командасы олар Серхио Мороймен кездесу өткізгісі келетінін, ал Головкин командасы Билли Джо Сондерспен келісуге тырысатынын айтты. Алайда олар өзара жекпе-жекті жыл соңына дейін өткізуді жоспарлап отыр», - деді WBA президенті.
Еске сала кетейік, Головкин келесі жекпе-жекті қыркүйекте өткізуді көздеп отыр. Әзірге қарсыласы белгісіз.