WBA рейтингі: Қанат Ислам бірден үш сатыға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығыны (WBA) боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Оған әлем чемпионы титулына лайық 17 салмақ дәрежесіндегі үздік 15 боксшы енді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

WBA рейтингі: Қанат Ислам бірден үш сатыға төмендеді

Жаңартылған рейтингтете бірінші орта салмақтағы (69,9 келіге дейін) Қанат Ислам екінші орыннан бесінші орынға түсті, ал, жартылай орта салмақтағы (66,7 келіге дейін) боксшы Жаңқош Тұраров 12-орыннан 13- орынға табан тіреді.

Ауыр салмақтағы боксшы Бейбіт Шүменов екінші орынға орналасса, Ал Иса Ақбербаев 12-орында тұр.