WBA рейтингі: Қанат Ислам - он екінші орында

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ боксшысы Қанат Ислам WBA тұжырымы бойынша орта салмақта (69,85 келі) әлемдік рейтингте он екінші орынға көтерілді.

WBA рейтингі: Қанат Ислам - он екінші орында

Қанат Ислам кәсіпқой рейтингте он алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның салмағында қазір әлемнің супер чемпионы америкалық Флойд Мэйуэзер. Қанат Ислам жақында кәсіпқой бокста қалатынын, «Астана арландарының» сапына оралмайтынын мәлімдеген. Ол Майами қаласында жаттығады, деп хабарлайды alaman.kz.