WBA рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ санаты бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

WBA рейтингіндегі қазақстандық боксшылардың орны белгілі болды

Екінші аса жеңіл салмақ категориясында Евгений Павлов (3-0, 2 КО) 11-орыннан 10-ға көтерілді.

Германия атынан өнер көрсететін Қазақстан тумасы, орта салмақтағы Анатолий Мұратов (22-2-1, 15 КО) 10-позициядан 8-ге жоғарылады.

Супер ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) 14-інші сатыдан 15-ке түсіп қалды. Еске салайық, Ж.Кособуцкий соңғы жекпе-жегінде титул үшін айқасты. Ол биылғы ақпан айында нигериялық боксшы Онориод Эхвариемді (18-2, 17 КО) төртінші раундта нокаутқа түсіріп, WBA International белдігін жеңіп алды.