WBC «2015 жылғы чемпион» титулын Головкин мен Альвареске берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі айқас қарсыластары Головкин мен Альварес екеуін де марапаттады, деп хабарлады Sports.kz.
Ұйым «2015 жылғы чемпион» титулын орта салмақтағы чемпионның екеуіне де берді.
«Егер екеуін бөліп-жарсақ, бұл әділ болмас еді», - делінген WBC ресми Твиттерінде.