WBC басшысы Головкин - Альварес айқасының өтетініне сенімді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік боксшылар кеңесінің президенті (WBC) Маурисио Сулейман осы ұйымның орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін болатын жекпе-жек жөніндегі келіссөзді дүйсенбіге дейін созу шешімі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz ESPN.-ке сілтеме жасап.

WBC басшысы Головкин - Альварес айқасының өтетініне сенімді

«Бұл айқастың әлемдік бокс үшін үлкен маңызы бар. Біз келіссөзді жалғастырамыз және бәрі де ойдағыдай шешіледі деген сенімдеміз. Головкин мен Альварес рингте кездеседі. Біз күллі әлемдегі жанкүйерлерге аса ерекше осы бокс кешін тарту ету жолында бар мүмкіндікті пайдаланамыз»,-деді Сулейман.