WBC чемпионы Әли Ахметов салмағын ауыстырмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Әли Ахметов (13-0, 10 КО) басқа салмақ дәрежесіне ауысуға бел буған, деп хабарлайды Sports.kz.

 WBC чемпионы Әли Ахметов салмағын ауыстырмақ

Промоутер Том Леффлер Ахметовпен бірге түскен суретін жариялап, боксшының «168 фунтта бокс шыңын бағындыруды жалғастыруға ниетті екендігін» жазды.

Айта кетейік, қазақстандық жартылау ауыр салмақта жастар арасында WBC әлем чемпионы титулының (175 фунт) иегері. Леффлердің жазбасынан Әлидің екінші орта салмаққа түскісі келетінін байқауға болады.

Әли Ахметов мұның алдындағы айқасын 11 қазанда Коста-Меседе (АҚШ, Калифорния штаты) өткізді. Бұл жекпе-жекте бірінші раундта мексикалық Джовани Хавьер Гоместі (18-15, 12 КО) нокаутқа түсірді. Әзірге спортшының қашан рингке оралатыны белгісіз.