WBC Геннадий Головкинді апта чемпионы ретінде таныды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) Доминик Уэйдті жеңгеннен кейін Геннадий Головкинді апта чемпионы деп таныды, деп жазады Sports.kz.
«GGG - біздің апта чемпионымыз! Сені рингте тамашалау қашанда ғанибет!», - деп жазылды ұйымның ресми Твиттерінде.