WBC Головкин-Альварес жекпе-жегі өтетін күнді жариялайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман мексикандық Сауль «Канело» Альварестің (46-1-1, 32 KO) өзінің әлем чемпионы титулын қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы міндетті қорғауымен байланысты мәртебені, мерзімі мен фактілерді дүйсенбі күні жариялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BoxingScene.
None
None

Еске салайық, 25 жастағы мексикандық боксшы Сауль «Канело» Альварес (46-1-1, 32 КО) 21 қарашада пуэрторикалық 34 жастағы Мигель Коттоны (40-5,33 КО) жеңіп, орта салмақтағы WBC чемпиондық титулына ие болды. Енді Сауль Альварес 15 күннің ішінде Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға қатысты келіссөздерді бастауға міндетті. Олай болмаған жағдайда WBC ұйымы титулды қазақстандық боксшыға тарту етеді.

Соңғы жаңалықтар