WBC президенті Головкинге «жарнама жасады»
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман қазақстандық Геннадий Головкиннің есімі көрсетілген бейсболкамен түскен суретін Твиттерге жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
«GGG бас киімімен бірге менің жағажайлық жинағым», - деп жазды функционер.
Сондай-ақ, танымал америкалық бокс шолушысы Берни Бармейзел Сулейманның фотосуретіне пікір жазып: «Керемет фото! Супермэн және GGG - жеңімпаздық комбинация», - деп атап өтті. Журналист Маурисионың суперқаһарман логотипі бар жейдесіне де назар аударған.