WBO экс-чемпионы Джейкобстың Головкинмен өтетін айқасқа дайындығын көрсетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Крис Алджиери Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) өтетін айқасына қалай дайындалып жатқандығын көрсетті, деп хабарлайды Sports.kz.
Өзінің Instagram-ында ол кезекті жүгіріс кезінде Джейкобспен түскен фотосын жариялады.
«Чемпиондық лагерь. GGG айқасына дайындалып жатқан чемпион Дэниэл Джейкобспен бүгінгі тамаша жүгіріс сәтінен», - деп пікір білдірді Алджиери фотоға.
Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.