WBO рейтингінде Головкиннің қарсыласы көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

WBO рейтингінде Головкиннің қарсыласы көш бастап тұр

Орта салмақ дәрежесінде бірінші орында мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр. Оның бұл позициясы 16 желтоқсанда өтетін WBO чемпионы Билли Джо Сондерс пен Давид Лемье айқасындағы жеңімпазбен жұдырықтасуға мүмкіндік береді.