WhatsApp өз пайдаланушыларының телефон нөмірлерін Facebook әлеуметтік желісіне береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WhatsApp мессенджері өз пайдаланушыларының телефон нөмерлерінің базасын Facebook әлеуметтік желісіне бермек. Бұл туралы Telegraph хабарлады.

WhatsApp   өз пайдаланушыларының телефон нөмірлерін   Facebook әлеуметтік желісіне береді

Мессенджердегі жаңа құпиялық саясаты WhatsApp пен Facebook аккаунттарын алғаш қосылған кезде біріктіруді көздейді. Осылайша, әлеуметтік желі пайдаланушылардың байланыс  базасынан адамдарды достыққа қабылдауды ұсынады, деп хабарлады Газета.ру.

 «Facebook-пен өзара іс-қимылды арттырып, біз барынша нақты деректерді, адамдар қосымшаны қалай пайдаланатынын, спаммен қалай күресуге болатынын бақылаймыз. Сіздің нөміріңізді Facebook-пен қосқан жағдайда,   егер онымен аккаунтыңыз болса, олар достарыңның нақты ұсынымдарын ұсынады, тиісті жарнамалар көрсетеді», - делінген хабарламада.

Facebook телеффон нөмірін ашпайтынын, оны әдеуметтік желі профилінде көрсетпейтінін де айтты.