14:14, 24 Шілде 2015 | GMT +5
WhatsApp-та қолайлы функция пайда болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «WhatsApp» өз пайдаланушыларын жаңа қызмет түрімен қуантты. Бұл мессенджерде өте қолайлы функция пайда болды, деп хабарлады «Mirror» сайты.
Енді оқыған хабарламаны оқылмаған сияқты таңбалай аласыздар. Әңгімелесуші хабарламаны оқыған-оқымағаныңызды ажырата алмайтын болады. Бұдан басқа, мессенджерге жаңа хабарландыру әуендері мен мелодия, «тұсқағаздары» қосылды. Жаңа қызметті әзірге тек, «Android» смартфонын пайдаланушылар ғана қолдана алады.