WhatsApp-тағы жалған жарнамаға сенген Орал тұрғындары ақшаларын жоғалтты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында алаяқтық деректері 11 пайызға артып отыр. Бұл туралы БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Анықталғандай,  алаяқтықтың артуына әлеуметтік желіде жалған хабарландыру беру жолымен жасалған қылмыстар әсер етуде. Олар жалпы алаяқтықтың 28 пайызын құрауда. Мысалы, 18 жастағы бойжеткен Instagram әлеуметтік желісінде ұялы телефондары көрсетілген адамдарды тауып, оларға WhatsApp арқылы балалар киімдерінің жалған жарнамаларын жолдап келген. Ал тауарды сатып алу үшін ақша қаражаттарын QIWI-әмияны арқылы төлеуді ұсынған.  100 пайыз төлемді алғаннан кейін тапсырыс берушілермен байланысты үзіп отырған. Алаяқтың қарамағына қаланың 30 тұрғыны ілігіп, оларға 500 мыңнан астам теңге материалдық залал келтірілді.

Сол секілді кейбіреулердің сенгіштігі салдарынан карточкасы туралы мәліметтерді қылмыскерлерге беріп, олардың банкомат арқылы ақша қаражаттарын шешіп алуы арқылы жасалған қылмыс та кең таралып отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram