12:46, 26 Сәуір 2011 | GMT +5
WikiLeaks Гуантанамоның құпияларын ашты
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Дау-жанжал арқылы кеңінен танылған Джулиан Ассанждың сайты Куба түрмесінің жүздеген сотталушылардың құжаттамаларын жариялады,
деп жазады Life News.
Құпия файлдар Гуантанамода мерзімін өтеп жатқан барлық қылмыскерлер туралы барынша жан-жақты мол мағлұматтар береді.
700-ден аса құжаттама әрбір сотталушының қауіптілік дәрежесі мен алынған ақпараттар бойынша құндылықтарын да қатар көрсетеді.
Сонымен қатар Куба изоляторының 220 тұтқыны қоғам үшін нақты қауіп төндіретіндер болып табылады. Өйткені олар лаңкестік әрекеттері үшін жазаларын тартуда. Ал 380-і «орташа деңгейдегі қауіпті» делінсе, 150 адам тіптен кінәсі жоқ, нақақтан-нақақ сотталғандар.