Wikileaks мәліметтері бойынша, Ливияның тәуелсіз қорының қаражаттарын бірнеше американдық банктер басқарған
АСТАНА. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Wikileaks мәліметтері бойынша, Ливияның тәуелсіз қорының қаражаттарын бірнеше американдық банктер басқарған.
Хабарланғанындай, қордың мөлшері 32 млрд. долларды құрайды. Аттары аталмаған әрбір банк, басқаруына 500 млн. долларға дейін алған.
Негізгі активтерге келсек, олардың көпшілігі Лондонда орналастырылған. Тәуелсіз қордағы жалпы қаражат көлемі UniCredit итальян банкі мен британдық Pearson баспагерлер тобының үлестерімен қоса санағанда 70 млрд. доллар деп саналады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.