WikiLeaks НАТО-ның Балтық жағалауы елдерін РФ-дан қорғау туралы жоспарын жариялады
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - WikiLeaks сайтына орналастырылған жаңа материалдарға сәйкес АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен НАТО мемлекеттері өкілдері 2010 жылғы қаңтарда «төтенше жағдайлардағы іс әрекет жоспары» атты Польшаны қорғау үшін құрылған бір жоспарға қол қойыпты,
деп хабарлайды РБК.
Осы жоспарға сондай-ақ Ресей Федерациясынан қорғау үшін үш балтық жағалауы республикасы - Эстония, Литва және Латвия енгізілген.
Аталған жоспарға сәйкес, егер Ресеймен әскери дау-жанжал туындай қалған жағдайда, аймаққа Солтүстікатлант альянсының АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Польшамен бірлескен тоғыз дивизиясы бағытталатын болады.