«WikiLeaks»-тің авторын қамауға алу туралы шешім өзгерген жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швеция соты саяси оқиғалардың астарын ашушы «WikiLeaks» сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанждың қорғаушылары келтірген апелляциялық шағымды қанағаттандырған жоқ. Сондықтан, 2010 жылы оны қамауға берілген рұқсатнама заңды күшінде, деп хабарлады ВВС.
None
None

Сот үкімінде Ассанжтың елшілікті «паналауына» байланысты қамауға алына алмайтыны жазылған.

Швецияда Ассанжды әйел зорлау, жыныстық зорлық көрсету фактісіне қатысы бар деген күдікпен айыптап отыр.

Айта кетейік, 2012 жылдан бері «WikiLeaks»-тің авторы Лондондағы Эквадор елшілігінде жасырынып келеді.

Соңғы жаңалықтар